6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЖемқорлардан тәркіленген қаржыдан арнайы есепшотқа 120 млрд теңге түскен. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Министрдің айтуынша, арнайы шот "Қазынашылық базасынан" ашылған.
"Қазір бұл есепшотта 120 млрд теңге бар. Қазір Оқу-ағарту министрлігінен өтініш күтіп жүрміз. Қаржыны жөндеу қажет мектептерге бөлеміз. Олар үш ауысымды мектептер. Жедел жөндеуді қажет етіп отыр", - деді Қаржы министрі.
Сонымен қатар ол қазір өтініш беру процесі жүріп жатқанын айтты.
"Біз мектептердің тізімін алған, жасақтаған бойда республикалық бюджет комиссиясына береміз, содан кейін бұл ақшаны аймақтарға жібереміз", - деп қосты Ерұлан Жамаубаев.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі