6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҰлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров өңірге жұмыс сапары барысында Сәтпаев қаласындағы Анненская шахтасына түсті, деп хабарлайды El.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шығыс Жезқазған кенішінде министр мыс өндірудің технологиялық процестерімен танысып, кеншілермен әңгімелескен.
Кен орнында 1780 адам жұмыс істейді. Орташа жалақы – 762 мың теңге.
Сондай-ақ ҰЭМ басшысы «Kazakhmys Smelting» құрамына кіретін Жезқазған мыс балқыту зауытының жұмысымен танысты. Кәсіпорын 497 мың тонна көлемінде мыс концентратын өңдейді және жылына 178 мың тонна катодты мыс өндіреді. Жезқазған мыс балқыту зауытында 2 мыңнан астам адам тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етілген. Металлургтердің орташа жалақысы айына 518 мың теңгені құрайды, - делінген министрлік таратқан хабарламада.
Ведомство басшысы бірнеше цехтарды аралап, кәсіпорынның жұмыс барысына куә болды. Сондай-ақ министрге проблемалық мәселелер, оның ішінде газ және жабық вагондардың тапшылығы бар екендігі айтылды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі