7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?
Қазіргі уақытта Жолдауды іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасы әзірленуде және оны бекітуге Үкіметтің келесі отырысына шығару ұсынылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz
«Өз кезегінде, Жолдауын іске асыру мақсатында Ұлттық экономика министрлігі үш бағыт бойынша жұмыс жүргізетін болады, олар: Жаңа экономикалық саясат; Нақты секторды дамыту; Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту. Жолдауда атап өтілгендей, бүгінде коммуналдық желілердің тозуы 60 процентті қамтиды, оның ішінде электр энергетикасында, жылу және сумен жабдықтауда, су бұруда. Осыған байланысты, табиғи монополиялар саласында «нақты» реформалар талап етіледі», - дейді министр.
Оның айтуынша, табиғи монополиялар саласын реттеудің мүлдем жаңа тұжырымдамасы – «Тарифті инвестицияларға айырбастау» ұсынылады.
«Осы реформа аясында:
- мүлік иелері есебінен салаға инвестицияларды ұлғайту;
- табиғи монополиялар және қоғамдық маңызы бар нарықтар саласында жұмыскерлердің жалақы деңгейін арттыру;
- одан әрі реттеуді табиғи монополиялар саласына озық инновациялар енгізуді ынталандыру жолымен жүзеге асыру және т.б.
Фискалдық реттеуді қайта жүктеу мақсатында 2023 жылы салықтық әкімшілендіруді түбегейлі қайта қарауды, салық міндеттемелерін орындау рәсімдерін цифрландыруды көздейтін жаңа Салық кодексінің жобасы әзірленетін болады», - дейді Ә. Қуантыров.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?