6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҰлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров шығысқазақстандық кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды El.kz ведомствоға сілтеме жасап.
Министр Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында жергілікті кәсіпкерлермен кездесті. Жиынға қатысушылар салықтық әкімшілендіру, қосылған құн салығы, бизнесті кредиттеу, виртуалды қойманың жұмыс механизмі, сондай-ақ контрагенттермен жұмыс істеу мәселелерін талқылады.
Ведомство басшысы салық саясатын жетілдіру және ШОБ-ты мемлекеттік қолдау шаралары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол барлық ұсыныстар Қаржы министрлігімен бірлесіп мұқият зерттелетініне сендірді. Сондай-ақ министр кәсіпкерлерді жаңа Салық кодексін талқылауға белсенді қатысуға шақырды.
Барлық кешенді жұмыс жұртшылықпен, сарапшылар және бизнес-қоғамдастық өкілдерімен бірлесіп жүргізіліп жатыр, - деп толықтырды Әлібек Қуантыров.
Сонымен қатар кәсіпкерлер экологиялық төлемдер, мемлекеттік сатып алу және жеңіл өнеркәсіпті дамыту мәселелерін шешуге жәрдемдесуді сұрады. Министр ҚР ҰЭМ-ға қатысы жоқ мәселелер тиісті мемлекеттік органдарға жолданатынын атап өтті.
Былтыр облыс бойынша 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында 47,6 млрд теңге сомасына 1 131 жоба субсидияланған. Кепілдік сомасы 11,5 млрд. теңгеге 1 045 жобаға кепілдік берілді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі