30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыӨнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «Zijin Mining»компаниясының халықаралық істер жөніндегі бірінші бас директоры Ляо Цзяншэнмен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Zijin Mining» бүкіл әлем бойынша алтын, күміс, мыс және басқа да минералды ресурстарды барлауға, өндіруге, өңдеуге және сатуға маманданған және Қытайдың екінші ірі трансұлттық алтын өндіруші конгломераты болып табылады.
Қарастырылып отырған жобалар шеңберінде компания түсті және бағалы металдар концентраттарын өндіру үшін байыту фабрикасын салуды жоспарлап отыр, содан кейін олар металдарды балқыту үшін Қазақстан Республикасының металлургия зауыттарына жіберілетін болады. Бұдан басқа, компания жаңа учаскелерде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге ниетті, бұл Қазақстанның минералдық-шикізат базасын ұлғайтуға ықпал ететін болады.
Тараптар жоғарыда аталған жобаларды одан әрі пысықтау мен дамытудағы өзара қызығушылықты атап өтті. Өз кезегінде министр бірлескен ынтымақтастыққа толық дайын екендігіне және Қазақстан Республикасының шетелдік бизнес қауымдастықтар үшін инвестициялық тартымдылығына тоқталды,-делінген министрлік мәліметінде.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды