Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарДенсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қостанайда жұмыс барысында шабуылға ұшыраған дәрігердің жағдайын білді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Құрметті достар, кеше Қостанай қаласынан санитариялық авиация күшімен жұмыс орнында болған шабуыл салдарынан ауыр бас-ми жарақатын алған біздің әріптесіміз, жас дәрігер Антон Кистанов жеткізілді. Мен оған тек қолдау білдіру үшін ғана емес, сондай-ақ еліміздің мыңдаған медицина қызметкері мен азаматтарының жылы лебіздерін де жеткізу үшін келдім.
Мәскеу университетінде жоғары медициналық білім алған, Отанға адал ниетпен келіп, адамдарды емдеп, өмірін сақтауға талпынған жас дәрігердің рухы сынып, психологиялық тұрғыда күйзеліп қалар ма екен деп іштей уайымдадым… Бірақ, Антон Николаевичтің қайта аяққа тұрып, өз жұмыс орнына оралсам деген табанды ниетін көріп, көңілім орнына түсті.
Ол барлығына алғысын білдіріп, өзін үлкен медициналық отбасының бір мүшесі ретінде сезінгенін, әріптестерінің, пациенттердің және бейжай қарамай, қолдау білдірген барлық отандастарының шексіз қамқорлығы мен жанашырлығы жүрегін тебіренткенін жеткізді. Біз бәріміз жас дәрігеріміздің тезірек сауығып кетуіне зор үміт артамыз, - деп жазды Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?