Министр: Мәскеуде зардап шеккендер арасында қазақстандық студенттер жоқ

23 Наурыз, 09:21 753

Мәскеу іргесіндегі Красногорск қаласындағы «Крокус Сити холл» кешенінде болған лаңкестік оқиғадан зардап шеккендер арасында қазақстандық студенттер жоқ. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Telegram-арнасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Министрдің жазбасына сүйенсек, Ресей Федерациясында «Болашақ» және «500 ғалым» бағдарламасы бойынша бүгінде 32 қазақстандық азамат білім алуда, 24 стипендиат Мәскеуде.

Олардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Барлық стипендиаттар байланысқа шықты,-делінген жазбада.

Еске алсақ, 22 наурызда Мәскеу облысындағы Crocus City Hall концерт залында қаруланған белгісіз топ атыс ұйымдастырып, теракт болды.

Оқи отырыңыз:

Жансая Тәуекелқызы
Бөлісу: