Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҒылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жастарға мамандық таңдауда қателеспеу үшін неге мән беру керек екен айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Заман ағымына қарай еңбек нарығы жылдам өзгеріп барады. Мұндай кезеңде жастар мамандықты қалай таңдағаны дұрыс.
"Біз көп дүниені таңдамаймыз. Туған жерімізді, ұлтымызды, әке-шешеміз бен тұратын қаламызды таңдай алмаймыз. Бұл өмірде біз таңдай алатын бірен-саран нәрсе – жар таңдау және мамандық таңдау. Ал мен өзімнің өмірімдегі ең маңызды таңдауымды басқа адамға беріп қойған адаммын. Өз тағдырымды өзім шешпедім. Қазіргі таңда күнде мамандықтар жойылып, жаңа мамандықтар пайда болып жатыр", – деді Саясат Нұрбек.
Министрдің айтуынша, мамандықты белгілі бір логикалық әдіспен таңдаған жөн.
"Ол үшін бірнеше маңызды сұрақтарға жауап беруіңіз керек. Мен нені қалаймын? Мені не қызықтырады? Менің қолымнан не келеді? Еңбек нарырығына не қажет? Осы сұрақтарға жауап бере отырып мамандық таңдаңыз", – деді министр Саясат Нұрбек.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар