Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыТуризм және спорт министрі Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының президентімен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындары аясында Халықаралық конькимен жүгірушілер одағының (ISU) президенті Ким Чжэ Елмен кездесті.
Тараптар кездесу барысында Қазақстанда конькимен жүгіру, шорт-трек және мәнерлеп сырғанау спортын дамыту әлеуетін талқылады. Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы Қазақстанмен өзара ынтымақтастықты кеңейтуге, әсіресе спорттық жарыстарды өткізуге қызығушылық білдірді.
Биыл Халықаралық конькимен жүгірушілер одағы алғаш рет араб елдеріне жасөспірімдер арасында мәнерлеп сырғанау жарыстарын ұйымдастыруға құқық берді. Бұл спорт географиясының кеңейіп келе жатқанын көрсетеді.
Кездесу соңында министр ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды талқылау үшін ISU өкілдерін Қазақстанға ресми сапармен шақырды.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды