Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыОқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Абай облысында болған алапат өрт салдарынан қаза болған орман шаруашылығы қызметкерлерінің отбасыларына көңіл айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Бейсембаев өрт болған аумақта балалардың қауіпсіздігіне қатысты бірқатар шара қабылданғанын айтты. Министрдің сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда қауіпсіз аймаққа көшірілгендердің арасында 64 бала бар. Олар Семей қаласындағы екі колледж ғимаратына орналастырылған. Қазір олармен министрліктің аумақтық департаментінің, Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің және облыстық білім басқармасының өкілдері жұмыс жүргізуде.
Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасына асыраушысынан айырылған отбасылармен жеке кездесіп, балалардың психологиялық кеңес алуына, жазғы сауықтыру лагерлерінде демалуына барлық жағдайларды ұйымдастыру тапсырылды.
Қауіпсіз аймаққа эвакуацияланған тұрғындардың арасында 64 бала бар. Бүгінде олар отбасыларымен бірге Семей қаласындағы екі колледж ғимаратына орналастырылған, - деді министр.
Бұдан бөлек эвакуацияланған 9,11 сынып түлектерінің қорытынды емтиханды кедергісіз тапсыруы үшін де қажетті жағдай жасалып жатқаны айтылды. Түлектердің мектеп бітіру емтихандары Семей қаласында өтеді.
Апат салдарынан асыраушысынан айырылған отбасы балалары жаңа оқу жылында білім алуын еш кедергісіз жалғастыруы үшін мектеп формасымен, қажетті оқу құралдарымен және ыстық тамақпен қамтылатын болады. Балалардың құқықтарын қорғау мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету министрліктің үнемі бақылауында, - деді ол.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек