12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікЕнді университет ректорларының қызмет мерзіміне қатысты өзгеріс болады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін Парламент Мәжілісінде өткен баспасөз мәслихатында тілшілер министрден кейбір жоғары оқу орындарының ректорлары тым ұзақ мерзім басқарып келе жатқаны туралы сұрақ қойды.
Мәселен, Ерлан Сыдықовтың Еуразия ұлттық университетіне ректор болғанына биыл 13 жыл толады екен. Бұл мерзім тым ұзақ емес пе?, деп сұрады тілші.
Министрдің айтуынша, реткорларды тағайындау қағидаты өзгереді.
Жалпы, біздегі ұлттық университеттер ректорларының мерзімін үш жылға базалық келісімшарт бойынша ұзарту мүмкіндігі бар. Шын мәнінде, 13 жыл мерзім — ұзақ. Сондықтан қазір ректорларды тағайындау ережелерін пысықтап жатырмыз. 14-15 наурызда арнайы республикалық комиссияның отырысы өтеді. Сол жерде жаңа қағидаттар қабылданбақ, - деді Саясат Нұрбек.
Министр ректорлардың қызметін екі мерзімнен артық ұзартпау ұсынысы бекітілетінін атап өтті.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер