22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстанда педагогикалық ғылымды дамытуға бағытталған жаңа орталық құрылмақ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл бастама білім берудің барлық деңгейлерінде педагогикалық зерттеулермен айналысатын мамандарды қолдау және оқытушылардың ғылыми әлеуетін арттыруға бағытталған.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, соңғы жылдары педагогтердің біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. 2023 жылы ғылыми зерттеулермен айналысатын мұғалімдердің үлесі 1,6 есе өсіп, педагогика саласындағы магистрлер саны 27,9 мың адамға жеткен.
Сонымен қатар, министрлік "Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы" жобасын жалғастыруда. Бұл бастама арқылы педагогтердің арасынан кадрлық резерв жасақталып, білім беру саласындағы реформаларды жүзеге асыруға дайын көшбасшыларды тәрбиелеу көзделген.
Білім сапасы – ұстаздың кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты. Жаңа білім беру институты педагогикалық зерттеулерді жүйелі дамытуға, мұғалімдердің ғылыми әлеуетін күшейтуге және болашақ мамандарды дайындау сапасын арттыруға мүмкіндік береді, – деп атап өтті Ғани Бейсембаев.
Конференция барысында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ жоғары білім беру салаларындағы өзекті мәселелер талқыланды. Өңірлерден келген ғалымдар мен педагогтер үшін арнайы онлайн-трансляция ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.Бұл келісімнің негізінде Қазақстанда педагогикалық ғылымды дамыту орталығы құрылатын болады. Жаңа орталық педагогика саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізуге және болашақ ұстаздардың біліктілігін жетілдіруге арналған маңызды алаңға айналады.
Аталған бастама еліміздегі білім беру жүйесінің сапасын жақсартуға және педагогикалық ғылымды дамытуға серпін береді деп күтілуде.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев