23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Еліміздің бас қаласының экологиясын жақсарту жөніндегі іс-шараларды іске асыру, су ресурстарының жай-күйі, қалдықтармен жұмыс істеу, рұқсат етілмеген қоқыстарды жою және орман шаруашылығын дамыту туралы елорда тұрғындарымен кездесу барысында Экология министрі Серікқали Брекешев баяндады, деп хабарлайды El.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жоғарыда айтылғандай, Елорда еліміздің ең ластанған қалаларының қатарына кіреді. Ластанудың негізгі көздері ЖЭО, автономды қазандықтар, жеке сектор пештері және автомобиль көлігі болып табылады.
Жалпы экологиялық жағдайды жақсарту үшін өңірлер бөлінісінде ұлттық жоба және жол карталары шеңберінде жүйелі жұмыс жүргізілуде.
Қалдықтарды басқару мәселелері, рұқсат етілмеген полигондардар мәселесі де алаңдатады. Биылғы жылы космомониторингтің көмегімен 551 полигон анықталып, оның 46%-ы ғана жойылды.
«Полигондардың ұлғаюының себебі жаңа Экокодекстің талаптарына байланысты, оған сәйкес қоқыс шығаратын ұйымдардың тізілімі жүргізіледі және құрылыс қоқыстарын қала шегінен шығаруға тыйым салынады. Полигондарды жою үшін кесте жасалды. Алайда полигондар жойылған жоқ. Елордалық экология департаментіне осы бағыттағы жұмысты күшейтуді тапсырамын», - деді ведомство басшысы.
Министр орман шаруашылығын дамыту мәселелеріне тоқтала келе, елорда әкімдігі 2021-2025 жылдарға арналған қаланың жасыл аймақтарын көгалдандыру мен құрудың өңірлік жоспарын әзірлегенін атап өтті. Өткен жылы елордада 1 млн. 65 мың ағаш отырғызылса, биыл 259 мың дана жасыл желек егілді.
Сонымен қатар, Астана қаласының айналасында жасыл белдеу құру жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі таңда оның ауданы 90,0 мың гектардан асады. алдағы екі жылда 5,8 мың гектар алқапқа орман дақылдарын отырғызу жоспарлануда.
Іс-шара барысында С.Брекешев сұрақ-жауап форматында елорда тұрғындарының сұрақтарына жауап берді, ал аяқталғаннан кейін азаматтарды жеке қабылдады, БАҚ өкілдері үшін брифинг өткізді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік