29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҰлттық экономика министрлігі Дүниежүзілік Банктің елдегі өкілімен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ведомствоға сілтеме жасап.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Дүниежүзілік Банктің Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Татьяна Проскуряковамен маңызды мәселелерді талқылады. Іс-шараға биыл ақпан айынан бастап өз міндеттеріне кіріскен ДБ Қазақстандағы жаңа тұрақты өкілі Андрей Михнев та қатысты.
Кездесу барысында тараптар 2020-2025 жылдарға арналған Негіздемелік әріптестік стратегиясы шеңберіндегі іске асырылып жатқан жобалардың аралық қорытындыларын шығарды. Сондай-ақ, Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы аясында Банк көрсететін техникалық және талдамалық қолдауды талқылады. 2022 жылдан бастап ДБ қызметкерлерімен келісімнің жаңа жобасын әзірлеу бойынша рәсімдер жүргізілуде.
Сонымен қатар, қатысушылар алдағы іс-шаралар мен өңірдегі энергетиканы дамыту, экономиканы декарбонизациялау және ауылдық елді мекендерді цифрландыру бойынша жұмыс жоспарларын талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастықты жандандыруға келісті.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек