22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҒылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Жасұлан Темірбаев атты азаматтың желіде "Болашақ" бағдарламасы туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық Жасұлан Темірбаев әлеуметтік желідегі жазбасында "Болашақ" бағдарламасының комиссия мүшесі одан "орыс тілінде шала сөйлегеніңіз үшін Қазақстанды ұятқа қалдырасыз" деп айтқанын мәлімдеді.
Бұл ақиқатқа сай емес. Себебі бізде конкурстық процедуралар екі сатымен өтеді. Бірінші сатыда тест тапсырады. Екіншісінде тәуелсіз сарапшылар комиссиясымен сұхбат жүргізіледі. Бірнеше жылдан бері бүкіл сұхбат видеоға жазылады. Біз осы мәселені бірден қолға алдық. Видеоны қарағанда ондай сұрақтарды естіген жоқпыз. Бүгін бұл видео жарияланады. Неліктен бірден жарияламадық? Сарапшылардан біз рұқсат алуымыз керек еді. Ресми түрде! Себебі олардың да құқығы ескерілуі керек. Жаңа жылдық мейрам болғаннан кейін олар енді шығып, құжаттарын алып, жариялаймыз. Сондықтан, өздеріңіз көресіздер, – деді министр тілшілердің сауалына берген жауабында.
Ол даулы жазба иесін Халықаралық бағдарламалар орталығына шақыртқандарын айтты.
Менің осы талапкерге бір ғана сұрағым бар. "Болашақ" гранты тағайындалған жағдайда, осындай шағым жасаушы еді ме, жасамас па еді? Неге десеңіз, бұл азамат конкурстық процедурадан өткен жоқ. Қазір ол талапкерді халықаралық бағдарламалар орталығына шақырып, видеоны көрсетіп, бүкіл шағымды қарастырып, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Егер келіспеген жағдайда, бір ғана жолы бар - ол сотта көрісу. Біздің бүкіл дәлеліміз бар, - деді Саясат Нұрбек.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев