Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАқпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі журналист Думан Мұхамедкәрімге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Министр бірнеше рет қамауға алынған тілшінің заңды бұзғаны үшін айыпталғанын алға тартты.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол журналистік қызметі үшін емес, заңды бұзғанына байланысты айыпталып отыр.
Қазақстан – құқықтық мемлекет, заң алдында бәріміз бірдейміз. Сондықтан әріптестерімді заңды бұзбауға және оны құрметтеуге шақырамын, - деді министр.
Думан Мұхаметкәрім – журналист, YouTube-тегі «Не дейді» арнасының авторы, 2022 жылғы қаңтар оқиғаларын белсенді түрде жариялаған.
20 наурызда Думан Мұхаметкәрім Facebook желісінде жазба жариялап, 21 наурыз күні түстен кейін алаңға шығатынын мәлімдеді. Өзгелерді қатарға қосылуға шақырған. Наурыздың 21-і күні оның 25 тәулікке қамауға алынғаны белгілі болды.
15 сәуірде ол қамаудан босатылып, халықты тағы да митингке шақыратынын мәлімдеді.
2 мамырда тағы 25 тәулікке қамауға алынды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары