2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАқпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Қазақстан» телерадиокорпорациясын күзгі жаңа маусымның ашылуымен құттықтады, деп хабарлайды El.kz.
Министр корпорацияның «Қаңтар» оқиғасында «Алтын қорды» сақтап қалғанын, ал Референдум кезінде 16 сағат бойы тікелей эфирде еліміздегі алғашқы жаңа форматтағы шараға куә болғанын айтты.
«Күн сайын таңымызды Шерхан Мұртазаның қолтаңбасы қалған «Таңшолпанмен» бастаймыз. Қазір телеарна ұлттық сипатын халықаралық сипатқа айналдыру үстінде. Жақында телеарна Қырғыз елінде көрсетіле бастайды», - деді министр.
Сондай-ақ ол елдегі бұқаралық ақпарарат құралдарының қуатын Ұлттық арна көрсетіп отырғанына тоқталды.
«Тарихи сериалдар арқылы тамырымызға терең бойласақ, сараптамалық материалдар арқылы бүгінімізді байыптаймыз. «Balapan» арқылы болашағымыздың келбетін көргендей боламыз. Барлығын бір арнада тоғыстырған Корпорация ұжымына ризашылығымды білдіремін»,- деді министр.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс