Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерРесейден аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасады деген күдікті тағы бір азамат экстрадицияланды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бас прокуратура мәліметінше, 2022-2023 жылдары Ақтау қаласында кәсіпкерлікке инвестиция саламын деп таныстарынан ірі көлемде ақша қаражатын алып, жоғары пайда уәде еткен. Алайда уәдесін орындамай, алынған қаражатты өз қажетіне жаратқан.
Күдіктінің қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 6 қазақстандық азаматқа жалпы сомасы 63 миллион теңгеден астам залал келген.
Қылмыс жасағаннан кейін ол жасырынып, сол себепті оған халықаралық іздеу жарияланған, - делінген мәліметте.
Күдікті былтыр қарашада Екатеринбург қаласында ұсталып, ҚР Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.
Қазіргі уақытта күдікті тергеу изоляторына қамауға алынды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі