Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд

Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд

07.07.2026 10:00
Айзат Айдарқызы
Фото: AI көмегімен жасалды

Кейінгі кезде спорт ұйымдарында бұрын сирек кездесетін үрдіс байқала бастады. Федерациялар құрамына әншілер, актерлер, жайдарманшылар мен тележүргізушілер тартылып, вице-президент, медиа жөніндегі кеңесші немесе коммуникация бағытына жауапты қызметтерге тағайындалып жатыр.

Бірі мұны спорттың имиджін көтеретін заманауи тәсіл деп бағаласа, енді бірі кәсіби спорт менеджерлерінің орнын танымал адамдар алмастырып жатыр деген пікірде. Бұл тәжірибенің тиімді тұсы қандай, ал қандай тәуекелдері бар?

Әлемде қалыптасқан тәжірибе

Әлемдік спортта танымал өнер адамдарының федерациялармен немесе клубтармен жұмыс істеуі таңсық емес. Олар көбіне амбассадор, қоғаммен байланыс жөніндегі кеңесші немесе қайырымдылық жобаларының жетекшісі ретінде қызмет етеді.

Мұндай тұлғалардың негізгі міндеті – аудитория тарту, спорттың танымалдығын арттыру, жастарды қызықтыру, әлеуметтік желідегі коммуникацияны күшейту және демеушілермен жұмысқа ықпал ету.

Ал спортшыларды даярлау, қаржы, басқару және техникалық шешімдер кәсіби менеджерлер мен салалық мамандардың құзырында қалады.

Қазақстандағы жаңа үрдіс

Қазақстанда да мұндай тәжірибе бар. Биыл танымал актер әрі «Миллион» құрамасының мүшесі Мансар Орынхан Түркістан облыстық күрес федерациясының медиа жөніндегі вице-президенті қызметіне келді. Өз мәлімдемесінде ол бұл қызметтің басты мақсаты күрес спортын кеңінен насихаттау, оның имиджін көтеру және медиа жұмысын жаңа деңгейге шығару екенін айтты. 

Бұдан бөлек, жақында Нұраддин Садық Қазақстан күрес федерациясының атқарушы вице-президенті болып тағайындалды. Ол әлеуметтік желідегі ресми парақшасында бұл шешімді «мансап емес, жауапкершілік» деп бағалап, АҚШ-та жоспарлаған жеке жобаларын уақытша тоқтатып, қазақ күресін дамытуға күш салатынын мәлімдеді.

Үнемі сырттан сынай беру оңай. Шынайы картинаны оның ішіне кіргенде ғана көресің. Сондықтан «қолыңнан келсе, жақсартуға тырысып көр» деген ұстаныммен осы іске кірістім, – деп жазды ол.

Бұл тағайындау әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, қоғам пікірін екіге бөлді. 

Осындай тәжірибе өзге федерацияларда да байқалады. Қазақстан таеквондо федерациясының медиа және PR жұмысына актер Асылхан Төлепов атсалысып жүр. Федерация оның қатысуымен арнайы бейнероликтер мен әлеуметтік желіге арналған контент әзірлеп, жастар аудиториясына бағытталған ақпараттық жұмысты күшейтіп келеді. Жаққында Төлеповтің жанына актриса Мерей Мақажан қосылды. 

Фото: Фото: instagram.com/mansar.million

Мұндай шешімдердің артықшылығы қандай?

Иә, мұндайда аудитория көбейетіні рас. Қазір спорттың үлкен бөлігі әлеуметтік желіге көшті. Федерацияның ресми парақшасын бірнеше мың адам ғана оқуы мүмкін. Ал миллиондаған жазылушысы бар актер немесе блогер сол ақпаратты бөліссе, қамту бірнеше есе өседі. Бұл әсіресе олимпиадалық емес немесе көрермені аз спорт түрлері үшін маңызды.

Байқағаныңыздай, жасөспірімдердің көбі спортқа алдымен сүйікті актері, әншісі немесе блогері арқылы қызығады. Сондықтан танымал тұлғалардың қатысуы федерациялардың жастармен байланысын күшейтеді.

Сондай-ақ бұл демеуші  тартуға мүмкіндік береді. Қазір нәтиже ғана емес, брендтің құны да маңызды. Танымал тұлғалардың қатысуы коммерциялық серіктестердің қызығушылығын арттырып, маркетингтік жобаларды көбейтуі мүмкін.

Тәжірибе көрсеткендей, көптеген федерацияда PR мен цифрлық коммуникация әлсіз дамыған.Ал кино, телевизия немесе шоу-бизнес өкілдері аудиториямен жұмыс істеуді жақсы біледі. Бұл жарыстардың көрінісін жақсартып, спортшылардың танымалдығын арттыруға ықпал етеді. Мұны біз Таеквондо федерациясының тәжірибесінен білеміз. Асылхан Төлепов келгелі

Ал қандай қауіптері бар?

Ең көп айтылатын сын - танымалдық кәсібилікті алмастырмауы тиіс. Егер өнер адамы нақты міндетсіз, тек атақ үшін қызметке келсе, мұндай тағайындаудың тиімділігі күмән тудырады.

Сондықтан олардың жұмысы нақты көрсеткіштермен бағалануы қажет:

Кәсіби мамандардың еңбегі көлеңкеде қалуы мүмкін

Спорт менеджменті, маркетинг және коммуникация – жеке мамандық. Бұл салада жылдар бойы тәжірибе жинаған мамандар бар. Сондықтан тағайындау кезінде танымалдық емес, құзырет негізгі өлшем болуы керек деген пікір де жиі айтылады.

Әлеуметтік желілердегі пікірталастар көрсеткендей, мұндай шешімдер қоғамда бірден сұрақ тудырады. «Бұл адам нақты жұмыс істей ме, әлде жай ғана танымал болғаны үшін келді ме?» деген пікірлердің алдын алу үшін федерациялар олардың міндеттері мен жауапкершілігін ашық түсіндіруі маңызды.

Оқи отырыңыз