Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?2026 жылдың маусым айында Enbek.kz электрондық еңбек биржасында ең жоғары жалақы ұсынылған мамандықтар белгілі болды. Тізімнің басында дивизион директоры тұр. Бұл лауазымға жұмыс берушілер орта есеппен 1,98 миллион теңге ұсынған. Одан кейін басқарма басшысының орынбасары (1,38 млн теңге) мен ұңғыма инженері (1,31 млн теңге) орналасқан.
Ал жұмыс іздеушілердің жалақыға қатысты күтімі бұдан да жоғары. Ұшқыштар орта есеппен 3,4 миллион теңге жалақы күтетінін көрсеткен. Сондай-ақ жүйелік сәулетшілердің күткені - 2,5 миллион теңге, хирург дәрігерлердің сұраған еңбекақысы шамамен 2 миллион теңгені құрайды.
Еңбек нарығына жастар көптеп келе бастады
Маусым айында Enbek.kz платформасында 108,7 мың бос жұмыс орны жарияланып, 126,7 мың түйіндеме орналастырылған. Мамыр айымен салыстырғанда вакансиялар саны 25,4%-ға, ал түйіндемелер саны 38,3%-ға артқан.
Сарапшылар мұны мамырдағы мерекелерден кейін еңбек нарығының қайта жандануымен және оқу орындарын тәмамдаған түлектердің жұмыс іздей бастауымен байланыстырады. Соның нәтижесінде жұмыс іздеушілердің 49%-ын 35 жасқа дейінгі жастар құраған. Ал 35-44 жас аралығындағы азаматтардың үлесі - 25%, 45-54 жас аралығындағылар - 17%, 55 жастан асқандар - 9%.
Қай салаларда маман тапшы?
Жұмыс берушілер ең көп маман іздеген сала - білім беру. Бұл бағытта 19,2 мың бос жұмыс орны жарияланған. Одан кейін қызмет көрсету саласы (16,5 мың), ауыл, орман және балық шаруашылығы (12,1 мың), денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызмет көрсету (9,5 мың), құрылыс (8,4 мың) және өңдеу өнеркәсібі (7,3 мың) келеді.
Өңірлер бойынша ең көп вакансия Түркістан облысында жарияланған - 12,3 мың. Одан кейін Астана қаласы (8,5 мың), Жамбыл облысы (7 мың) және Қарағанды облысы (6,7 мың) тұр.
Жыл басынан бері Enbek.kz платформасында 604,4 мың бос жұмыс орны және 736 мың түйіндеме жарияланған. Бұл еңбек нарығында жұмыс берушілердің де, жұмыс іздеушілердің де белсенділігі артып келе жатқанын көрсетеді.
Бұған дейін IT саласында ең жоғары жалақы алатын мамандар белгілі болғанын жазғанбыз.
Бүгiн, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?Кеше, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд