Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстандық гимнаст Милад Карими Каирде (Мысыр) өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінің екінші финалында да жеңіске жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ҰОК мәліметінше, Карими кермедегі жаттығуларда үздік нәтиже көрсеткен. Ол бағдарламасын сәтті орындап, төрешілердің шешімімен 14,466 ұпай жинады.
Мариос Георгиу (Кипр) 14,066 ұпаймен екінші орынды иеленсе, ал Ноэ Сейферт (Швейцария) 13,866 ұпаймен үшінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, Карими бұған дейін еркін жаттығуларда да топ жарған болатын. Ол жалпы есепте де Әлем кубогының жеңімпазы атанды. Жалпы, оның қоржынында Әлем кубогында жеңіп алған алты алтын медаль бар.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі