Бүгiн, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңесОлимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Словакияның Братислава қаласында өтетін Nepela Memorial халықаралық турниріне қатысады. Мәнерлеп сырғанаушы жаңа маусымды Challenger сериясы турнирінен бастамақ.
Nepela Memorial турнирі 24-27 қыркүйек аралығында өтеді. Турнир 2026/27 жылғы маусымдағы ISU Challenger Series сериясының кезеңдерінің біріне жатады.
Шайдоров ерлер арасындағы жекелей сында бақ сынайды. Алдын ала жарияланған қатысушылар тізімінде 29 спортшы бар.
Братиславадағы турнир Михаил Шайдоров үшін жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық жарыс болмақ. Аталған жарыс Гран-при алдындағы маңызды халықаралық сайыс есебінде тұр.
Михаил Шайдоров 2026 жылы Милан мен Кортина-д’Ампеццода өткен қысқы Олимпиада ойындарында жеңімпаз болды. Ақпанда ол ерлер арасындағы жекелей сында қос бағдарламаның қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, Олимпиада чемпионы атанды.
Nepela Memorial-дан кейін Шайдоровты ISU Grand Prix сериясының Франция мен Қытайдағы кезеңдері күтіп тұр.
Nepela Memorial қандай турнир?
Nepela Memorial – 1993 жылдан бері өткізіліп келе жатқан дәстүрлі халықаралық мәнерлеп сырғанау турнирі. Жарыс аты аңызға айналған чехословак спортшысы Ондрей Непеланың құрметіне аталған. Непела – 1972 жылғы Олимпиада чемпионы әрі әлемнің үш дүркін жеңімпазы.
Қазір Nepela Memorial Халықаралық конькимен сырғанау одағының ISU Challenger Series сериясына кіреді. Бұл серияға әлемдік деңгейдегі спортшылар қатысатын халықаралық жарыстар жатады. Challenger Series турнирлері әсіресе маусым басында маңызды. Спортшылар жаңа бағдарламаларын сынап, халықаралық төрешілер алдында өнер көрсетіп, рейтингтік ұпай жинайды.
Nepela Memorial-дың деңгейін бұған дейінгі қатысушыларынан да аңғаруға болады. Турнирде әлем чемпионаттары мен Олимпиада ойындарына қатысқан танымал мәнерлеп сырғанаушылар өнер көрсеткен. Мәселен, 2022 жылы әйелдер арасында АҚШ өкілі Isabeau Levito, ерлер арасында Италия спортшысы Gabriele Frangipani жеңіске жетті. Сол жарыста Оңтүстік Кореяның танымал спортшысы Ча Джун-хван ерлер арасында екінші орын алған.
Бүгiн, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді