30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыБостонда (АҚШ) мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтуде. Михаил Шайдоров күміс медаль жеңіп алып, Қазақстан мәнерлеп сырғанау тарихында маңызды жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Миша сенімді өнер көрсетіп, қысқа және еркін бағдарламаларда жоғары деңгейде сырғанаумен көзге түсті. Оның жалпы ұпай саны 287. 47 болып, оны әлемнің үздік екі спортшысының қатарына қосылуға мүмкіндік берді.
Бұл – Қазақстан мәнерлеп сырғанау тарихындағы үшінші медаль. Бұған дейін Денис Тен әлем чемпионатында 2013 жылы күміс, ал 2015 жылы қола медаль иеленген еді.
Бұл – Михаил үшін маусымдағы екінші ірі жеңісі. Бұған дейін ол төрт құрлық чемпионатында топ жарып, 2015 жылы дәл осы жарыста жеңіске жеткен Денис Теннің жетістігін қайталаған еді.
Енді ол ресми түрде Олимпиада жолдамасына ие болып, Миланда Қазақстан намысын қорғайтын болады.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды