20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Мейрамбек Қартбай Париж Олимпиадасында бақ сынайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы Біріккен күрес әлемінің (UWW) Қазақстан ҰОК-ке жолдаған ресми хатында белгілі болды.
Еске сала кетейік, күрес түрлерінен Ресей құрамасы Париж Олимпиадасына барудан бас тартты. Ал ресейліктер сапындағы Заур Угуиев Олимпиада жолдамасын иеленерде біздің Мейрамбек Қартбайдан басым түскен болатын.
Ресей балуандары Олимпиададан бас тартқан соң, жолдамалар қайта үлестірілді. Осылайша, қазақстандық Мейрамбек Қартбай Олимпиада жолдамасына ие болды.
Айта кетелік, Мейрамбек Қартбай 2023 жылғы әлем чемпионатында бесінші орын алды. Ол жолдама үшін таласта Олимпиада чемпионы Заур Угуиевке жол беріп, қалған іріктеу турниріне қатысқан жоқ.
Мейрамбек Қартбай 57 келі салмақта белдеседі.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?