Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстандық әнші, «МузАРТ» тобының солисі Мейрамбек Бесбаев әлеуметтік желідегі парақшасында Халық әртісі Мақпал Жүнісованы туған күнімен құттықтап, оған арналған өлең жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мейрамбек Бесбаев Жүнісовамен бала кезінде түскен суретін де жариялады.
Мақтаулы Мақпал,
Тәтті әнді Мақпал!
Тербеткен ән боп,
Бақтарды Мақпал!Ақжүрек Мақпал,
Ән - жүрек Мақпал!
Ел үшін туған,
Елжіреп Мақпал!Тағдырлы Мақпал,
Ән-жырлы Мақпал!
Сахна сәні,
Сан қырлы Мақпал!Нәзік үн Мақпал,
Сазы - мұң Мақпал!
Әніңмен егіз,
Әзілің Мақпал!Күлкің-ай, Мақпал,
Шіркін-ай, Мақпал!
Сақтасын сұқтан,
Бір Құдай, Мақпал!Әпкетайым, туған күніңізбен! - деп жазды Бесбаев.
Әнші Мақпал Жүнісова 1963 жылы 11 қаңтарда Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Теректі ауылында дүниеге келді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді