6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерОрта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов жапониялық Кадзуто Такесаконы нокаутқа жіберді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осылайша жерлесіміз WBO International белбеуін қорғады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жекпе-жек Инчхонда (Оңтүстік Корея) өтті және бокс кешінің басты оқиғасы болды. Белбеу сарапқа салынған кездесу сегізінші раундта аяқталды.
Бұған дейін қарсыластардың көз түйістіру рәсімі өткенін хабарлағанбыз.
Нұрсұлтанлв кәсіпқой бокста 19 жекпе-жекте өткізіп, соның барлығында жеңіске жетсе, оның 11-ін мерзімінен бұрын аяқтаған.
Жапон былғары қолғап шеберінің еншісінде бұған дейін 15 жеңіс пен 1 тең айқас болды. Ол 14 жекпе-жегінде мерзімінен бұрын жеңіске жеткен.
Нұрсұлтанов WBO рейтингінде төртінші орында тұр.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі