Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЕгер Голливуд фильмдерін үзбей көретін болсаңыз, Мэт Дэймон сомдайтын кейіпкерлердің көпшілігін белгілі бір қиын жағдайдан құтқару қажет болып жатады. Онда тұрған не бар деуіңіз мүмкін, бірақ аталмыш жайтты қызықты ететін бір нәрсе бар. Қай фильмде болмасын құтқару операцияларының ауқымы өте үлкен. «Қатардағы Райанды құтқару» фильмінде Мэтті тауып алу үшін соғыс алаңына арнайы әскери жасақ жіберіледі, ал «Марсиандық» фильмінде жат ғаламшарда жалғыз қалған ғарышкерді үйіне қайтару үшін Жерге енді келіп жатқан ғарыш кемесі бір адам үшін Марсқа кері ұшады. Мұның бәрі шынайы өмірде қыруар қаражатты қажет ететіні белгілі. Quora cұрақ-жауап порталының Kynang Eng ecімді пайдаланушысы Мэт Дэймонның «кейіпкерлерін құтқару құны» 900 миллиард доллардан астам екенін есептеп шыққан.
Kynang Eng жоғарыда аталған сумманы келесі фильмдер бойынша шығарған:
«Соғыстағы ерлік» (Courage Under Fire). Парсы шығанағындағы соғыс кезінде тікұшақпен құтқару: 300 мың доллар.
«Қатардағы Райанды құтқару» (Saving Private Ryan). Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде сарбазды іздеу операциясы: 100 мың доллар.
«Титан: Жердің өлімінен кейін» (Titan A.E.). Жерді құтқару кемесі: 200 миллиард доллар.
«Сириана» (Syriana). Таяу шығыстан кері жеке рейспен ұшу: 50 мың доллар.
«Жасыл аймақ» (Green Zone). Таяу шығыстан АҚШ әскерін шығару операциясы: 50 мың доллар.
«Элизиум» (Elysium). Кемені істен шығару: 100 миллион доллар.
«Интерстеллар» (Interstellar). Жұлдызаралық кеме: 500 миллиард доллар.
«Марсиандық» (The Martian). Марс миссиясы: 200 миллиард доллар.
ЖАЛПЫ СУММА: 900 миллиардтан астам.
Дәурен Омаров
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?