6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерОңтүстік Кореядағы метро құрылысы алаңында жол опырылып түсті. Бұл туралы Renhap агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Қайғылы оқиға Сеулден оңтүстікке қарай орналасқан Кванмендегі жерасты құрылыс алаңында, жергілікті уақыт бойынша сағат 15:13 шамасында болған. Құрылыс алаңында 17 жұмысшы болған, олардың бірі жер астында қалып қойды, ал экскаватор жүргізушісі із-түзсіз жоғалған.
Оқиға салдарынан жақын маңдағы жолдар мен коммерциялық нысандарға зиян келді. Басқа зардап шеккендер туралы мәлімет әзірге түскен жоқ.
Айта кетейік, сол күні бұған дейін құрылысы жүріп жатқан жерасты туннель пилондарының жарылып, опырылу қаупі бар екені хабарланған еді.
Опырылу кезінде жақын маңдағы жолдарда қозғалыс толықтай тоқтатылды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі