Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрМеталлургтер күні қарсаңында 13 шілде күні Тұңғыш Президент, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбек жолын бастаған металлургтер қаласы Теміртауда, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жанынан құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктер орталығының ашылу салтанаты өтті. Республикамыздың өңірлерінде Достық үйлері мен аталмыш орталықтар еліміздің президентінің бастамасымен ашылып жатыр.
Салтанатты шараға «АрселорМиттал Теміртау» АҚ директорының міндетін атқарушы, Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Вадим Басин, «Қоғамдық келісім» КММ директоры Ерлан Құсайын, металлургиялық комбинаттың ардагерлері Әлішер Жақыпбеков және Баймұрзаев Ілияс қатысты. Комбинат жанынан құрылған ақсақалдар алқасы Басин мырзаға орталықты ашу ұсынысын қолдағаны үшін, берген көмегі үшін алғыстарын айтты.
Кеңес құрамына қаланың қоғамдық және этномәдени бірлестіктерінің өкілдері кірді. Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық Кеңесінің міндеті — мемлекеттің және қоғамның дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу, тұрақтылықты нығайту, азаматтық бейбітшілік, әлеуметтік келісім және ұлттық бірлікті нығайту жөніндегі бағдарламасын жүзеге асырудың негізгі шарттарын қамтамасыз ету.
Шара соңында ЭМО кабинеттеріне экскурсия жасалды. Сондай ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының туы салтанатты түрде табысталып, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ этномәдени бірлестіктер орталығына естелік кітаптар сыйға тартылды.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова