23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Ішкі істер министрлігі қара металды жақын және алыс шет елдерге контрабандалық жолмен әкетудің қылмыстық схемаларын анықтау және жолын кесу бойынша жедел шаралар қабылдады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тыйымға қарамастан, еліміздің бірқатар өңірінде металл сынықтарын дайын өнім мен шикізат түрінде көрсетіп, теңіз және темір жолдары арқылы заңсыз экспортты ұйымдастырған адамдар анықталды.
Мәселен, Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "жоғары легирленген болат" деген атпен көршілес мемлекетке теміржол арқылы қара металды жөнелтуді ұйымдастырған ЖШС-лердің бірінің басшысының заңсыз әрекетін тоқтатты.
Тыйымды елемеген компания елден бір жарым мың тоннадан астам, жалпы құны 170 млн теңгеден асатын металл сынықтарын әкеткен. Іздеу іс-шаралары барысында металл базасының аумағында салмағы мың тоннаға жуық қара металдың сынықтары, оның ішінде шетелге жөнелтуге дайындалған жеті вагон табылды, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік