Мессидің сүйікті әні: Әлем чемпионатындағы голдар енді ерекше әуенмен тойланады

Мессидің сүйікті әні: Әлем чемпионатындағы голдар енді ерекше әуенмен тойланады

Айзат Айдарқызы
Фото: AI көмегімен жасалды

Бүгін Англия мен Аргентина финал жолдамасын сарапқа салады. Кеше Испания Францияны қапы қалдырып, 16 жылдан соң финалға шықты. Байқасаңыз, испан жігіттерінің голын Quevedo пен Elvis Crespo-ның «La Graciosa» әні сүйемелдеді.

Иә, осы әлем чемпионатында құрамаларға музкалық таңдау жасау мүмкіндігі берілді. Мәселен Франция құрамасының голынан кейін стадионда Daft Punk дуэтінің «One More Time» әні ойнады. 2000 жылы жарық көрген композиция – француз электронды музыкасының ең танымал туындыларының бірі. Ән кейін Daft Punk-тың 2001 жылғы Discovery альбомына енді.

Франция неге дәл осы әнді таңдады? Өйткені әннің аты қазақшалағанда «Тағы бір рет» деген мағына береді. Яғни, құраманың тағы бір мүмкіндігі, екінші рет әлем чемпионы атануға серпіліс. Әрі қайырмасы стадион атмосферасына да әдемі үйлеседі. Бір жағынан Франция құрамасы осы композицияны әлемдік  музыкаға ықпал еткен танымал топтың құрметіне таңдап алды.

Фото: Getty Images

Испания: Quevedo және Elvis Crespo – «La Graciosa»

Испания құрамасы Quevedo мен Elvis Crespo орындаған «La Graciosa» әнін таңдады. Композицияның атауы Канар аралдарының құрамындағы Ла-Грасиоса аралының құрметіне қойылған. Әнде испан және латынамерикалық музыканың ырғағы тамаша үйлеседі.

Бұл таңдау Испания құрамасының қазіргі буынына да сай келеді. Құрамда жас футболшылардың үлесі жоғары, ал заманауи испан музыкасының өкілі Quevedo жастар арасында кең танымал. Сондықтан «La Graciosa» голды тойлау кезінде жеңіл әрі көңілді атмосфера сыйлайды.

Фото: Getty Images

Англия: Planet Funk – «Chase the Sun»

Англия құрамасының таңдауы – италиялық Planet Funk тобының «Chase the Sun» композициясы. Бұл ән британдық спорт жанкүйерлеріне жақсы таныс. Әсіресе, оның әуені дартс жарыстарында кеңінен танылып, көрермендер бірге шырқайды.

Сөзден гөрі есте қалатын әуені басым композиция мыңдаған жанкүйердің бір мезетте қосылып, голды бірге тойлауына таптырмайды. Оған қоса ағылшын жанкүйерлері The Beatles тобының «Hey Jude» әнін де шырқайды. Әсіресе, Беллингем атой салған уақытта жанкүйері осы әуенмен рақметін айтады.

Аргентина: Los Fabulosos Cadillacs – «El Matador»

Аргентина құрамасының голынан кейін Los Fabulosos Cadillacs тобының «El Matador» әні шырқалады. Бұл композиция 2026 жылғы әлем чемпионатында команданың матч алдындағы қыздыру және голды тойлау әні ретінде таңдалған.

«El Matador» – аргентиналық танымал рок әндерінің бірі. Қайырмасындағы «Matador!» деген қуатты үндеу стадион атмосферасына ерекше үйлеседі. Бір қарағанда ән атауы Лионель Мессидің қарсылас қақпасын дәл көздейтін шеберлігіне арналғандай әсер қалдыруы мүмкін. Алайда композицияның түпкі мағынасы әлдеқайда терең. Ән Латын Америкасындағы диктатура мен мемлекеттік зорлық-зомбылық тақырыбын қозғайды.

Ал Мессидің өзі ерекше жақсы көретін жанкүйерлер әні – «Muchachos, ahora nos volvimos a ilusionar». 2022 жылғы әлем чемпионаты кезінде Аргентина капитаны осы әнді ұнататынын айтады. Кейін «Muchachos» Аргентинаның әлем чемпионы атанған тарихи жорығының бейресми гимніне айналады.

Фото: Getty Images

Қалған құрамалардың әндері:

Оқи отырыңыз

{