22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыТүркістан облысы Келес ауданының орталығы Абай ауылында тұратын Динара Шойбекова әлеуметтік желіде футбол ойнап, доп тепкен сәттерін көрсету арқылы танымал болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Келес ауданы әкімдігінің мәліметінше, Динара – төрт баланың анасы. Үш қызы мен бір ұлы бар. Анасы үшін балалардың көңілі бәрінен қымбат.
Спорт адам таңдамайды екен. Бала-шағасы мен жасына да қарамайды. Балалардың көңілі үшін футбол ойнаймын. 3 қыз, 1 ұлым бар. Жалғыз ұлың болса осы екен, көңілің қимайсың, – деп жазады ол өзінің жазбаларында.
Бала кезінен спортқа әуес болған Динара футболдан бөлек, волейбол мен баскетболды да жақсы меңгерген. Медицина мамандығын тәмамдаған ол бүгінде отбасы мен спортты қатар алып жүр. Жолдасы – кәсіпкер, сондықтан спортқа уақыт табуына қолдау көрсетіп келеді.
Әлеуметтік желідегі бейнероликтеріне қарап, көпшілік оны нағыз шабуылшыға теңейді.
«Біздің командаға шабуылшы керек», «Кейбір еркектерден күшті тебеді», «Менен жақсы ойнайды екен», «Қазақстан құрама командасына қосып жіберу керек», «Месси мен Рональду көрмесін», «Бала-шағасы аман болсын», – деп пікір қалдырғандар да бар.
Желі қолданушыларының жылы лебіздері мен әзілге толы пікірлері Динараның спорттағы өнерін бағалап қана қоймай, ауыл жастарына да шабыт беруде.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев