Кеше, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?Түркияның Сакария провинциясында жастарды мешіт өміріне жақындату мақсатында ұсынылған ерекше бастама қоғамда қызу пікірталас тудырды. Жергілікті тұрғындар мен діни қауым өкілдерінің қарсылығынан кейін мешіт ішінде футбол матчын көрсету туралы жоспар ресми түрде күшін жойды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жастарды мешітке тартуға бағытталған жоба
Оқиға Хендек ауданындағы Расимпаша мешітінде болған. Жобаның авторы – Расимпаша мешіті діни қорының төрағасы әрі Түркия парламентінің депутаты Али Инджи. Оның бастамасына сәйкес, мешітке жастарды көбірек тарту үшін құлшылық орнында үлкен экран орнатылып, футболдан әлем чемпионатының матчтарын бірлесіп көру ұйымдастырылмақ болған.
Бағдарлама тек матч көрсетумен шектелмеген. Ұйымдастырушылар жастар алдымен таң намазына қатысып, кейін бірге таңғы ас ішіп, одан соң ұлттық құраманың ойынын тамашалайды деп жоспарлаған. Идея авторлары мұндай шара жастардың мешітпен байланысын күшейтіп, рухани әрі әлеуметтік орта қалыптастыруға ықпал етеді деп есептеген.
Қоғам тарапынан сын күшейді
Алайда бастама көпшілік арасында бірден қолдау таба қойған жоқ. Әлеуметтік желілерде және бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқыланған жобаға қатысты сын көбейді. Қарсы пікір білдірушілер мешіттің негізгі қызметі құлшылық пен рухани тәрбие екенін айтып, оны спорттық эмоциялар басым орынға айналдыру дұрыс емес екенін жеткізді.
Қоғамдық пікір күшейген соң Хендек аудандық мүфтиі Осман Сағлам арнайы мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, аталған шара мүфтияттың келісімінсіз жоспарланған және діни басқарманың ресми бағдарламасына кірмеген.
Кейін мүфтият өкілдері мен ұйымдастырушылар арасында кездесу өтіп, мешіт ішінде футбол матчын көрсету діни әдеп пен мешіт мәдениетіне сәйкес келмейді деген ортақ ұстаным қабылданды. Соның нәтижесінде жоспарланған шара толықтай тоқтатылды.
Кеше, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін