6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМеркілік тұрғын марихуана дайындағаны үшін қамауға алынды,- деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі заттарын сақтады деген күдікпен 51 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.
Жеке тінту кезінде оның сөмкесінен есірткі затына ұқсаған екі пакет табылып, тәркіленді. Тәркіленген заттарға жүргізілген сараптамалар нәтижесінде жалпы салмағы 1 келі 608 грамм болатын кептірілген марихуана екендігі расталды. Күдіктінің кептірілген қарасора жапырақтарын қолымен ұсақтап, жеке қолдану мақсатында есірткі жасағаны анықталды.
Осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлімімен (Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі