6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерМеркі ауданы Меркі ауылында «Құқық бұзушылық және заңдық жауапкершілік» тақырыбында жастар арасында семинар өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесуге Меркі ауданы прокуратурасының аға прокуроры Хиса Әжімбеков, Меркі АПБ ЖПКБ ЮГТ Полиция майоры Е.Тупеков, Жауғаш батыр Қырбасұлы қоғамдық қорының төрағасы Өсімжан Омаров, Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар ісі жөніндегі инспектор-заңгері Б.Сүйімбай қатысып, сөз сөйледі.
Басқосу барысында ҚР Қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған жастарға қатысты ішкі істер қызметкерлерінің қолданатын шаралары, жауапкершілікке тарту құқықтық мәдениетін бағалау және заңдылықты сақтау, құзыреттілік, іскерлік, басқара білу, еліміздің азаматтарының заңды мүдделері мен құқықтарын қамтамасыз етуге кепілдік беру мәселелері талқыланды.
Фотолар: жеке мұрағат
Сонымен қатар, құқық бұзушылық жасаған кәмелетке толмаған жастарға қатысты ішкі істер қызметкерлерінің қолданатын шаралары мен жауапкершілікке тарту тәртібі туралы толықтай түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі