22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыОтбасы мәртебесін арттыру мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіледі. Оған өтінім қабылдау басталды. Өтініштерді 15 маусымға дейін аудандық және қалалық комиссиялар қабылдайды. Әр аймақтан 1 отбасы байқау жеңімпазы болып таңдалады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жыл сайын отбасы мәртебесін арттыру мақсатында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіледі. Бүгінде биылғы байқау жеңімпаздарын анықтауға өтінім қабылдау басталды. Өтініштерді 15 маусымға дейін аудандық және қалалық комиссиялар қабылдайды. Әр аймақтан 1 отбасы байқау жеңімпазы болып таңдалады. Осы орайда, баршаңызды байқауға белсенді қатысуға шақырамыз, - деп жазды ол.
Отбасы – әрбір азамат үшін қастерлі ошағы, Отанның бастауы, аяулы ата-анасы мен алтын ұясы. Сондықтан бұл мерекенің орны айрықша. һ Отбасыларыңызға амандық, әулеттеріңізге береке, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін, - деп жазды Д.Қыдырәлі парақшасында.
2025 жылға дейін 143 орталық ашылады деп жоспарлануда. Жалпы, ата-аналардың балалармен бірге уақыт өткізуіне кедергі келтіретін негізгі себептер - жұмысбастылық (25%) және үй жұмыстарының көптігіне байланысты уақыттың болмауы (10,6%). Өз балаларын тәрбиелеу кезінде қазақстандықтар еңбекқорлық (33,8%), өзін-өзі бағалау (31,8%), адалдық (31,7%), үлкендерге құрмет (25,3%) сияқты құндылықтарға баса назар аударады, - деді министр.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев