7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Елордада «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қалалық кезеңі аяқталды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы Қазақстанда 2013 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді.
Байқауға әртүрлі отбасылар, оның ішінде көпбалалы отбасылар, ерекше балалары бар отбасылар, ардагерлер, сондай-ақ еңбек адамдары және шығармашыл әулеттер қатысты.
Биыл 210 отбасы конкурсқа қатысу үшін құжаттар тапсырды, бұл елордадағы «Мерейлі отбасы» байқауының абсолютті рекорды. Отбасылық құндылықтарды дұрыс қалыптастыру, балаларды патриотизм мен жалпыадамзаттық құндылықтар рухында тәрбиелеу – әрбір отбасының басты міндеті. Ол адамгершілік құндылықтарды жандандыруға және отбасы мәртебесін көтеруге бағытталған. Әкімдік осы бағыттағы барлық бастамаларды қолдайды. Отбасы институтын қолдаудың саясаты алдағы уақытта да өз жемісін беретініне сенімдімін, – деді Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен.
Байқауға түрлі отбасылар, оның ішінде көпбалалы отбасылар, ерекше балалары бар отбасылар, ардагерлер, сондай-ақ еңбек және шығармашылық әулеттер қатысты.
Байқау жеңімпаздары – көпбалалы отбасы Сәдуақасовтар. Олар жетістіктердің саны мен әртүрлілігі бойынша жеңіске жетті. Енді тату отбасы республикалық біріншілікке дайындыққа кірісті.
Мен көпбалалы анамын. Бір кездері елордаға Қарқаралы қаласынан келдік. 60 жыл жұбайыммен бірге тұрдым. Отбасымызбен кез-келген мерекеде бас қосамыз. Біз барлық мерекені бірге атап өтеміз, - деді отбасы басшысы Тишжан Сәдуақасова.
80 жастағы «Алтын алқа» алқа иегері жұбайымен 12 бала – 6 ұл және 6 қыз тәрбиелеп өсірді. Олардың әрқайсысы өз қызмет саласында жетістіктерге жеткен. Сол сияқты спорттағы, қоғамдық және шығармашылық жұмыстардағы, конкурстардағы белсенділігі үшін марапаттарға ие болған.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?