23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?25 қазан - Республика күніне орай қазақстандықтар үш күн демалады. Осыған орай еліміздің халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі белгілі болды, деп хабарлайды El.kz Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.
«25 қазанда еліміз Республика күнін атап өтеді. Мереке күндері 23, 24 және 25 қазанда еліміз бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтары, оның ішінде мамандандырылған орталықтар да жұмыс істемейді», - делінген ресми ақпаратта.
Дегенмен хабарламада айтылғандай, облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда кезекші халыққа қызмет көрсету және мамандандырылған орталықтар 24 қазан күні 09.00-ден 13.00-ге дейін қызмет көрсетеді.
«Сондай-ақ, 22 қазан жұмыс күні болып бекітілгенін еске саламыз. Бұл күні орталықтар клиенттерді сағат 09.00-ден 18.00-ге дейін қабылдайды. 26 қазаннан бастап азаматтар мемлекеттік қызметтерді әдеттегі жұмыс кестесі бойынша ала алады», - дейді ведомстводан.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік