Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Наурыз мерекесіне орай Қазақстан бойынша полиция қызметкері мен Ұлттық ұланның жауынгерлері қызметке кірісті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Елордалық жедел басқару орталығында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов өңірлік полиция департаменттерінің жеке құрамымен жедел кеңес өткізді.
– Сіздерге осы мереке күндері қызмет атқару міндеті жүктеліп отыр. Азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығы жоғары деңгейде қамтамасыз етілуі қажет. Әрбір өтінішке құлақ асып, қамқорлық және ұқыптылық таныту парыз. Барынша сыпайы болып, мұқияттылық көрсеткен абзал. Тұрғындар полиция мен Ұлттық ұланның қашан да қоғам қауіпсіздігінің кепілі екеніне сенімді болуы тиіс, – деді ведомство басшысы.
Сонымен қатар ол әріптестерін келіп жеткен Наурыз мейрамымен құттықтады.
– Әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, бақыт және береке сыйласын, – деді министр.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік