Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыMercedes-Benz Қытайдың Momenta компаниясымен бірлесіп әзірлеген автономды басқару технологиясын таныстырып, Абу-Дабиде роботакси қызметін іске қосуға дайындалып жатыр. Бұл қызмет үшін бренд өзінің флагмандық моделі S-класс седанын таңдаған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Momenta жасаған жүйе 4-деңгейлі автономды жүргізуді қамтамасыз етеді. Қызметті жариялау кезінде Mercedes-Benz жаңартылған S-кластың алғашқы суреттерін ұсынды, бірақ көлік арнайы жабын мен жасырылған. Пилотсыз седан Абу-Дабиде қашан пайдалануға берілетіні әзірге белгісіз. Ол алдымен бірқатар сынақтан өтуі тиіс. Компания болашақта мұндай көліктерді басқа қалаларға да шығаруды жоспарлап отыр.
Автономды басқару технологияларын дамытуда неміс концерні Nvidia-мен де серіктестік орнатқан. Ресми фотолардан S-кластың төбесіне лидар қойылғанын, ал алдыңғы қанаттарында қосымша камералардың орналасқанын көруге болады. Алайда сериялық нұсқада бұл жабдықтың болуы туралы ақпарат жоқ.
Сыртқы келбетінде де өзгерістер күтіледі: жаңартылған S-класс өзге бампер, жетілдірілген жарық блоктары және жақында таныстырылған электрлік Mercedes-Benz GLC моделіне ұқсас радиатор торымен жабдықталуы мүмкін. Ішкі кеңістікте ірі Superscreen дисплейі орнатылуы ықтимал.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары