Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер2025 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша Mercedes-Benz компаниясының әлемдік көлік сату көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12%-ға азайды. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Еуропа, Оңтүстік Америка және Парсы шығанағы елдеріндегі сатылымдар жақсы жүріп жатқанына қарамастан, үшінші тоқсандағы нәтижелерге Қытай нарығындағы жағдай едәуір әсер етті, – деді компания басқарма мүшесі Матиас Гайзен.
Компанияның мәліметінше, ең ірі автомобиль нарықтары саналатын АҚШ пен Қытайда сату көрсеткіші тиісінше 17% және 27%-ға төмендеген.
Сонымен қатар, Mercedes-Benz пен басқа да неміс автоконцерндері 2025 жылға арналған болжамдарын төмендетуге мәжбүр болды. Бұған АҚШ президенті Дональд Трамптың енгізген жоғары импорттық баж салығы және Қытайдағы жергілікті автоконцерндермен қатаң бәсекелестік салдарынан сатылымның азаюы себеп болған.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі