Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБерлиндегі жеке концерті аяқталғаннан кейін Димаш Құдайберген TV Berlin телеарнасына сұхбат берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
– Осы ғаламат концерт үшін мың алғыс. Берлинге қош келдіңіз! Берлинде болудың сіз үшін маңызы қандай?
– Рахмет. Қуанып тұрмын. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, барлық неміс жанкүйерлеріме жәнеЕуропадағы барлық тыңдармандарыма шын жүректен алғыс айтқым келеді.
– Шабыттың көзін көбіне қайдан аласыз?
– Шабытты жанкүйерлерімнен, олардың қолдауы мен сүйіспеншілігінен аламын. Сонымен қатар… Көп жыл бұрын халықаралық мансабымды жаңа бастап жүрген кезде өзіме бір миссия жүктеген едім: өзімді, елімді, мәдениетімді, халқымыздың дәстүрлерін әлемге таныту. Сол миссия мені алға жетелеп, жұмысымды жалғастыруға себеп болып келеді.
– Еліңіздің мәдениетін музыкаңызға енгізу сіз үшін қаншалықты маңызды?
– Әрине, өте маңызды. Өйткені айтып өткенімдей, бұл – осы бағыттағы қызметімнің негізгі себебі. Менің командамдағы барлық мүшелер де осы арманыма ортақ жандар. Біз үшін мәдениеттер арасындағы алмасу аса маңызды. Сондықтан қазақ мәдениетімен таныс емес жандар болса, менің концерттеріме қош келдіңіздер дегім келеді.
– Сіз тыңдармандарыңызға сонша сүйіспеншілік сыйлайсыз, әрі БҰҰ-ның елшісісіз. Осы елшілік қызметіңіз туралы айтып берсеңіз.
– Бұл – зор мәртебе. БҰҰ аясында мен әлі де жаңадан қызмет бастап келемін. Менің негізгі миссиям – көші-қон агенттігімен байланысты жұмыстарға үлес қосу. Бұл бағытта жүзеге асыруды жоспарлап отырған жобаларым көп.
– Алдағы сапарыңыз қайда болмақ?
– Бірнеше аптадан кейін Египетте өнер көрсетеміз. Бұл да алғаш рет… Египетке бұрын-соңды барып көрмеппін. Сондықтан аздап демалып, сапарымызды жалғастырамыз.
Телеарна тілшісі сондай-ақ Димаштың Германия, Польша, Италия және өзге елдерден келген жанкүйерлерімен де сұхбаттасты. Сүйікті әртістерінің ең әсерлі қыры қандай деген сұраққа Dears қауымы әншінің ерекше даусы мен дара талантын ғана емес, жанкүйерлерді бір аспан астында біріктіретін оның тұлға ретіндегі ерекшелігі әлемнің түкпір-түкпіріндегі көптеген жүректерді баурайтынын атап өтті.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары