30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАлматы әуежайында қолына пышақ ұстаған ер адамды қарусыздандыру арқылы көпшілікке танымал болған Мұса Әбдірайым пікір білдіріп жатқан оқырмандарға жауап берді. Бірі оны батыр десе, енді бірі қойылым кейіпкері деп атаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ZTB-ға берген сұхбатында Әбдірайым қолдау мен сынды қалай қабылдағанын айтты.
Әркім әртүрлі айтып жатыр. Бірі шексіз алғысын білдіріп жатыр. Ал енді бірі жағымсыз пікірлер жазып жатыр. Бұған не айтасың? Бәрін Алла көріп тұр. Біреудің аузына қақпақ бола алмайсың. Кім не айтқысы келсе де өз еркі. Менің де басым екеу емес қой. Кейбіреулер кино деп жатыр екен. Қайдағы кино? Мұндайды түсіру қиын ғой. Ақылға қонбайды, - деді ол.
Дегенмен өзін қолдап жатқан жандардың да аз еместігін алға тартты.
Қоғам тарапынан қолдау көп. Президенттің өзі марапаттады. Бәріне алғысым шексіз. Мен үшін ең маңыздысы – бойжеткеннің аман қалғаны. Сол ой маған жылулық сыйлайды. «Қыздың орнына мені кепілге алыңыз» дегенде де, оның соңы қалай болады, не болады дегенді ойламаппын, - деді Мұса Әбдірайым.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды