22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЕлімізде енді жоғары оқу орындарының студенттері мектептерде еріктілік қызметті бастайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өткен жылдың қарашасында Оқу-ағарту министрлігі мен Ғылым және жоғары білім министрлігі мектеп оқушылары үшін қолайлы және дамытушы білім беру ортасын құруға белсенді жәрдемдесу мақсатында «Менің бауырым» еріктілер жобасына бастамашылық еткен болатын. Еріктілер қатарында педагог, психолог, әлеуметтік педагог, заңгер, IT мамандықтары бойынша 3-4 курс студенттері бар.
Волонтерлік жоба аясында Астана қаласында жоғары оқу орындарының 700 ерікті студенті пилоттық режимде «Жобалау қызметін жоспарлау», «Еріктілер жұмысында оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін есепке алу», «Ерікті студенттердің балаларды бақылау дағдыларын дамыту», «Әлеуметтік жобалар мен практикалар», «Коммуникация дағдыларын дамыту және пайдалы әдеттерді қалыптастыру» тақырыптары бойынша оқудан өтті.
Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, 5 ақпаннан бастап студенттер мектептерде еріктілер қызметін бастайды. Волонтерлік жобаларды іске асыру «Өзіңе және өзгеге жақсылық жаса», «Жеткіншектің жеті жарғысы», «Еңбегі адал жас өрен», «Балалар кітапханасы», «Ғаламтор қауіпсіздігі», «Тоғыз айға тоғыз шара», «Оқуға құштар мектеп», «Төрт тоқсанға төрт шара» тақырыптарындағы мектеп іс-шаралары шеңберінде жүргізіледі.
Жобаны іске асыру шеңберінде дөңгелек үстелдер ұйымдастыру, тренингтер өткізу, танысуды, салауатты коммуникацияны және ортақ мүдделерді белгілеуді қоса алғанда, коммуникативтік дағдыларды әзірлеу сияқты әртүрлі және тиімді жұмыс нысандарын белсенді пайдалану жоспарлануда. Сондай-ақ шеберлік сыныптары, флэшмобтар, челлендждер, спорттық турнирлер, қайырымдылық акциялары, ток-шоу және TEDX форматындағы сыныптан тыс іс-шаралар қарастырылған. Әсіресе зерттеу жүргізуге, оның ішінде мәселен, туған өлкені зерттеу және оның нәтижесін волонтерлік қызметті қорытындылау сияқты жалпы мектепішілік іс-шаралармен кіріктіруге көңіл бөлінеді.
Айта кетейік, жұмыстың бұл түрі жобаға қатысушылардың дамуына ықпал ететін интерактивті және жан-жақты білім беру ортасын құруға бағытталған.
Оқи отырыңыз:
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев