Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстана қаласының Мәдениет басқармасына қарасты «Жастар» сарайы «Таза Қазақстан» экоакциясы аясындағы «Менің аулам» челленджін жалғастырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Тазалық пен жауапкершілікке, қамқорлық пен ынтымақтастыққа үндейтін эстафетаны мәдениет қызметкерлері бір ауыздан қолдап, отбасымен бірге аулаларын тазалап, өзгелерге үлгі-өнеге көрсетуде.
Таза қала – өз таңдауымыз екенін тұрғындардың есіне тағы бір салып қою үшін акцияны жастар тіліндегі креативті бейнероликпен бастадық. Расында, «Таза Қазақстан» – бұл құр сөз тіркесі емес, бұл – нағыз қимыл-әрекет. Біз әрқайсымыз айналамыздағы тазалық пен тәртіпке өз үлесімізді қоса аламыз.Осы игі іске қосылыңыздар, «Менің аулам» челледжін әрі қарай жалғаңыздар дегім келеді. Бәріміз біріксек, қаламыз одан сайын жарқырап, сәндене түсері анық, - дейді «Жастар» сарайы имидж және коммуникация бөлімінің басшысы Ділназ Мұрат.
Челленджі қолдаған «Жастар» сарайы эстафетаны әрі қарай «Жастар» театрына жолдады.
Айта кетейік, аталған челленджді Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры бастаған еді. Отбасылық эстафета мәдениет мекемелері арасында жалғасын таба бермек.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?