24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралдыАстанада автосалон менеджері екі көлік иесін «сатып алушы дайын» деген сылтаумен көліктерін үшінші тұлғаның атына қайта рәсімдеуге көндірген. Алайда мәміледен түскен 23 млн теңгені иелеріне бермей, өзі иемденген.
Оқиға қалай болды?
Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, автосалондардың бірінде сату жөніндегі менеджер болып жұмыс істеген ер адам екі автокөлік иесін көліктерін үшінші тұлғаның атына қайта рәсімдеуге көндірген. Ол мұны көліктердің жақын арада сатылатынымен түсіндіріп, сатудан түскен қаражат бірнеше күн ішінде берілетінін айтқан.
Жәбірленушілер автосалонға Changan CS55 Plus және Toyota Camry автокөліктерін сату үшін тапсырған. Кейін менеджер сатып алушылар табылғанын айтып, көліктерді үшінші тұлғаның атына рәсімдеуге көндірген.
Алайда көліктер қайта рәсімделгеннен кейін ол сатудан түскен ақшаны иелеріне бермей, өз қалауынша жұмсаған. Соның салдарынан көлік иелеріне келтірілген жалпы материалдық шығын 23 млн теңгені құрады.
Сот шешімі
Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, жасаған әрекетіне өкініш білдірген.
Сот ер адамды алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 3 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сондай-ақ жәбірленушілердің материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енді, – деп хабарлады прокуратура.
Прокуратура азаматтарға көлік сату кезінде меншік құқығын басқа адамның атына рәсімдемес бұрын мәміленің барлық шартын мұқият тексеруге кеңес береді. Сондай-ақ ведомство меншікке қарсы қылмыстар үшін заңнамада мүлкі тәркіленіп, 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салды.
Бұған дейін біз Қытай көліктерін алдап сатқан менеджердің алты жылға сотталғанын жазғанбыз.
24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?