23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Алматы әуежайында қарулы шабуылдаушыны залалсыздандырған Мұса Әбдірайым сұхбат берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі orda.kz cайтына сілтеме жасап.
Оқиға кезінде ашулы ер адам әуежайдың тексеру қызметкерін шашынан тартып, пышақпен қорқытқан. Куәгерлер абдырап қалды. Солардың арасында 52 жастағы Мұса Әбдірайым да бар еді. Ол бұрын кәсіби спортпен айналысқанын, муай-тай мен басқа да жекпе-жек өнерлерін меңгергенін айтады.
Мен тек танысымды шығарып салуға келген едім. Шабуыл жасағанын көріп қалдым. Өмірім үшін емес, тек қыздың қауіпсіздігі үшін алаңдадым, – дейді ол.
Ол еш ойланбастан өзін кепілдікке ұсынды, кейін қаскөймен айқасқа түсіп, оны залалсыздандырды. Қаруды тартып алып, шабуылдаушыны жерге құлатты. Зардап шеккен қызметкер батыл азаматқа алғысын білдірді.
Полиция қызметкерлері де хабарласып, алғыс айтып жатыр. Телефоным тынымсыз шырылдап жатыр, – деп күлімсірейді ол.
Мұса Әбдірайым мұндай жағдайға алғаш рет тап болғанын және ең бастысы – оқиғаның қайғылы аяқталмағанына қуанатынын айтады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік