Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліБокстан қыздар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған ресейлік қазақ Салтанат Меденова «Матч ТВ» телеарнасына сұхбат беріп, өзінің ұлтына қатысты да мәлімдеме жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол Қазақстанға қоныс аудару жоспарында жоқ екенін, отаны Ресей екенін айтты.
Әлем чемпионы атану арманым еді. Ақша үшін емес, тұғырда тұрып әнұран орындауды армандайтынмын. Мен қазақпын. Маған қазақстандықтар «еліңе қайт» деп айтып жатыр. Бірақ менің елім, отаным – Ресей. Мен осында тудым, осында өстім және осында қаламын, - деді Салтанат сұхбат барысында.
Айта кетейік, бокстан қыздар арасындағы әлем чемпионаты Сербияның Ниш қаласында өтті. 81 келіде жұдырықтасқан Салтанат Меденова екі қарсыласын техникалық нокаутпен жеңсе, финалда Түркияның даңқты боксшысы Исильдар Бурсадан басым түсті.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс