1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіҚазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен 29 қазаннан бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде «Мен қазақша сөйлеймін» атты жалпы республикалық акция басталды.
Осыған орай, ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Бородулиха ауданының орталығында «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» атты облыстық кешенді іс-шаралар өтті.
Шараға облыстың қалалары мен аудандарындағы мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт жастары, этномәдени бірлестік, зиялы қауым мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және аудан тұрғындары қатысты.
Акцияның салтанатты ашылуына Ассамблеясының хатшылығының меңгерушісі Асқар Нұрғазиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.
Қалалық мәдениет үйінде «Жаңа әліпби – жарқын болашақ кепілі» атты ток-шоу ұйымдастырылды.
Бұдан басқа мемлекеттік органдарда қызмет істейтін тыңдаушылар мен жастарға арналған «Ана тілі – жүрек үні» атты әнмен өрілген сабақ өтті. Кейін акцияға қатысушылар аудандық кітапханада «Мен қазақша сөйлеймін» байқауына қатысты. Бұл шарада жастар 3 кезең бойынша білімдерін сынап, тапсырмалар орындап, қазақ тілін қаншылықты жетік меңгергендерін танытты.
Шараның жабылу салтанатында ШҚО тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы іс-шараларға қатысқан өзге ұлт өкілдерін алғысхаттармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады. Акция мерекелік концерттік бағдарламамен аяқталды.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?