7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Алматы қаласында қаңтар оқиғасының құрбандарына арналған «Тағзым» мемориалының ашылу рәсімі өтті. Оған қатысты белгілі қазақстандық композитор, әнші Алтынбек Қоразбаев өз пікірін білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мемориалдың ашылуына Алтынбек Қоразбаев өзі қатысып қайтқан. Жазықсыздарды еске алу үшін мемориалды орналастырып, онда зиялы тұлғалардың сөздерін қою дұрыс қабылданған шешім болды деп есептейді. Стелалардың ақ, қара түсі мен оның жасалу дизайны композитордың көңілінен шыққан.
«Бүгін мемориалдың ашылу рәсімінде болдым. Ол жерде Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би Әл-Фараби атамыз сынды ұлы тұлғалардың ел туралы жазған әдемі ұлағатты сөздері жазылған стела орналасқан. Оған қарап қаңтар айының құрбаны болғандарды еске алатын боламыз. Келешекте мемориалдың қасына субұрқақ қоятын болады», – деді әнші.
Қазақстандық композитор мемориолдағы әуенді ауыстыру қажеттігі жайлы ұсыныс жасаған. Оны алдағы уақытта өзгертуі мүмкін дейді.
«Мемориалға кіргенде қазақтың бұрыннан келе жатқан халық әні «Елім-ай» сынды мұңлы әндерді қоюдың керегі жоқ деген ұсыныс жасадым. Құрманғазы оркестрінің сүйемелдеуіндегі сияқты әдемі күңіретініп тұратын әуендерді қойған жөн. Оны келешекте ескеретін болады деп ойлаймын», – деп айтты ол.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?